Қазақстан цифрлық даму рейтингінде 20 елдің қатарына енді

Цифрлық даму рейтингі. Фото: Depositphotos.com
Цифрлық даму рейтингі. Фото: Depositphotos.com
Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемде 16-орынға көтерілді.

Қазақстан БҰҰ-ның Электронды үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жыл ішінде сегіз сатыға жоғарылаған Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азияда аталған деңгейге жеткен алғашқы ел болды.

"Электронды үкіметі барынша дамыған елдерді біріктіретін ең жоғары рейтингтік санатқа әлемнің 21 мемлекеті кіреді. Қазір Қазақстан осы топта Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ сияқты елдермен қатар тұр. 2026 жылы бұл санатқа алғаш рет Қазақстан, Ирландия және Польша енді. Соңғы екі жылда Қазақстан 2024 жылғы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып шықты. Елдің индекс көрсеткіші 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Ал әлемдік орташа көрсеткіш – 0,6675. Сондай-ақ цифрлық мемлекет құру үлгісі ретінде танылған Эстониямен арадағы алшақтық төрт есе қысқарған. ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көш бастап тұр. Өзбекстан рейтингте 32-орында, Әзербайжан 38-орында, Ресей 50-орында орналасқан", – делінген хабарламада.

Президент Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын.

"Қазір елдегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді. eGov.kz порталында 16,4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында портал арқылы 51 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Оның үштен екісіне жуығын азаматтар смартфон арқылы алған. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Ал қазақстандық суперкомпьютер TOP500 рейтингі бойынша әлемдегі ең қуатты жүз есептеу жүйесінің қатарына енді", – делінген хабарламада.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, БҰҰ баяндамасында Қазақстанның жетістігі нәтижесінде Орталық Азия алғаш рет көшбасшылар тобына енгені атап өтілген. Министр алдағы міндет азамат өзі өтініш білдірмей-ақ, қажет қызметтерді алдын ала ұсына алатын мемлекет қалыптастыру екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау