Әрбір шаршы шақырымға − небәрі 8 адамнан келеді. Қазақстанның демографиялық портреті

Қазақстан халық саны бойынша әлемде нешінші орында? Фото: ЖИ жасап берді
Қазақстан халық саны бойынша әлемде нешінші орында? Фото: ЖИ жасап берді
Қазақстан тұрғындары әлем халқының 0,25 пайызын құрайды.

Әлем елдерінің халқын онлайн есептеп отыратын танымал Worldometer сайты 2026 жылдың жаңа деректерін жариялады. БҰҰ мамандарының есебіне сүйенген бұл тізімге 234 ел мен аумақ енген. Жаңа статистика бойынша, Қазақстан халық саны жағынан әлемде 65-орында тұр. Еліміздегі тұрғындар саны 21 083 626 адамға жетті – бұл жер бетіндегі бүкіл халықтың 0,25 пайызына тең.

Кестедегі мәліметтер бойынша Қазақстандағы демографиялық өсім тұрақты деңгейде сақталған:

  • жылдық өсім қарқыны: +1,15% (бір жылда халық саны 239 872 адамға артқан);
  • туу коэффициенті: 2,92 (бір әйелге шаққандағы орташа бала саны);
  • медианалық жас: 29,7 жас (бұл ел халқының жас әрі еңбекке қабілетті екенін аңғартады);
  • урбанизация деңгейі: қала тұрғындарының үлесі 55,2%;
  • халықтың тығыздығы: 2 699 700 шаршы шақырым құрлық аумағына шаққанда, 1 шаршы шақырымға небәрі 8 адамнан келеді;
  • көші-қон сальдосы: −12 814 адам (елден кеткендер саны келгендерден сәл көп).

Қазақстанның көрші елдеріндегі демографиялық жағдай

Қазақстанмен тікелей шектесетін және өңірлік көрші саналатын мемлекеттердегі демографиялық көрсеткіштер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бір жағынан ірі алпауыт көршілерде халық саны азайып жатса, екінші жағынан Орталық Азиядағы көрші елдерде тұрақты әрі жоғары өсім байқалады:

  • Ресей (9-орын): халық саны – 143 394 458 адам (әлем халқының 1,7 пайызы). Бір жылда −602 935 адамға (−0,42%) азайған. Туу коэффициенті – 1,47, медианалық жасы – 40,7 жас, қала халқының үлесі – 75,4%, ал таза көші-қон сальдосы +324 924 адам;
  • Қытай (2-орын): халық саны – 1 412 914 089 адам (әлем халқының 17 пайызы). Жыл ішінде −3 182 005 адамға (−0,22%) қысқарған. Туу коэффициенті – 1,03, медианалық жасы – 40,6 жас, қала тұрғындарының үлесі – 68,7%, көші-қон сальдосы −232 107 адам;
  • Өзбекстан (43-орын): халық саны – 37 724 223 адам (әлем халқының 0,45 пайызы). Халық саны жыл сайын +1,81% немесе +670 795 адамға өсіп келеді. Туу коэффициенті – 3,4, медианалық жасы – 27 жас, қала халқының үлесі – 47,9%, көші-қон сальдосы −4 517 адам;
  • Түрікменстан (104-орын): халық саны – 7 736 632 адам (әлем халқының 0,09 пайызы). Жылдық өсімі+1,55% (+117 785 адам). Туу коэффициенті – 2,6, медианалық жасы – 27,3 жас, қала халқының үлесі – 46,7%, көші-қон сальдосы +11 792 адам;
  • Қырғызстан (106-орын): халық саны – 7 400 465 адам (әлем халқының 0,09 пайызы). Халық саны +1,45% немесе +105 431 адамға артқан. Туу коэффициенті – 2,72, медианалық жасы – 25,5 жас, қала халқының үлесі – 35,5%, көші-қон сальдосы +39 адам.

Әлемдегі халқы ең көп 10 мемлекет

2026 жылғы көрсеткіш бойынша жер бетіндегі халық саны ең көп он елдің тізімі төмендегідей:

  • Үндістан – 1 476 625 576 адам (әлем халқының 17,8 пайызы);
  • Қытай – 1 412 914 089 адам (17%);
  • АҚШ – 349 035 494 адам (4,2%);
  • Индонезия – 287 886 782 адам (3,5%);
  • Пәкістан – 259 299 791 адам (3,1%);
  • Нигерия – 242 431 832 адам (2,9%);
  • Бразилия – 213 562 666 адам (2,6%);
  • Бангладеш – 177 818 044 адам (2,1%);
  • Ресей – 143 394 458 адам (1,7%);
  • Эфиопия – 138 902 185 адам (1,7%).

Алғашқы ондықтағы екі ірі мемлекетте – Қытай мен Ресейде халық санының азаю үрдісі байқалады. Ал Үндістан мен Қытайды қоса алғанда, осы екі елде ғана бүкіл әлем халқының үштен бірінен астамы (34,8%) тұрады.


Оқи отырыңыз: Қандастарға өңірлік квота тек 7 өңірде беріледі. Қандай құжаттар қажет


Қай елдерде халық саны күрт өсіп жатыр?

Демографиялық өсімді екі түрлі көрсеткішпен бағалауға болады: пайыздық қарқын және нақты адам санының қосылуы.

Пайыздық көрсеткіш бойынша ең жылдам өсіп жатқан мемлекеттер қатарында Африка мен Таяу Шығыс елдері алда тұр:

  • Орталық Африка Республикасы: +3,37% (халық саны – 5 698 984 адам, туу коэффициенті – 5,69);
  • Сирия: +3,33% (26 472 497 адам);
  • Сомали: +3,31% (20 305 907 адам, туу коэффициенті – 5,8);
  • Оман: +3,22% (5 671 458 адам);
  • Нигер мен Конго Демократиялық Республикасы: екеуінде де жылдық өсім +3,21 пайызды құрады.

Ал абсолюттік сан (таза өсім) бойынша бір жылда ең көп тұрғын қосылған елдер мыналар:

  • Үндістан: +12 760 051 адам;
  • Нигерия: +4 904 050 адам;
  • Пәкістан: +4 080 237 адам;
  • Конго Демократиялық Республикасы: +3 619 689 адам;
  • Эфиопия: +3 430 134 адам.

Қай мемлекеттерде халық саны кері кетіп жатыр?

Әлемнің бірқатар елінде, әсіресе Еуропа, Шығыс Азия және шағын аралдық аумақтарда туу көрсеткішінің төмендеуі мен көші-қон салдарынан халық санының кемуі тіркелген.

Нақты адам санының азаюы бойынша алдыңғы қатарда мына елдер тұр:

  • Қытай: бір жылда −3 182 005 адамға азайған (−0,22%);
  • Жапония: −675 748 адам (−0,55%, ел халқының медианалық жасы 50,2 жасқа жеткен);
  • Ресей: −602 935 адам (−0,42%);
  • Германия: −430 817 адам (−0,51%);
  • Польша: −297 722 адам (−0,78%);
  • Италия: −220 094 адам (−0,37%).

Ал пайыздық үлес бойынша ең қатты қысқару шағын аумақтар мен Шығыс Еуропа елдерінде байқалады. Мәселен, Сен-Мартен (−4,18%), Маршалл аралдары (−3,33%) және Кук аралдары (−3,29%) тұрғындарының едәуір бөлігін жоғалтса, ірірек мемлекеттердің ішінде Литва (−1,16%, −32 806 адам), Молдова (−1,16%, −34 853 адам), Черногория (−1,03%) және Эстония (−0,98%) халқы ең жылдам азайып жатқан елдер қатарына енді.

Медианалық жас бойынша рейтинг: Ең кәрі және ең жас 10 ел

Кестедегі медианалық жас көрсеткіші ел халқының тең жартысы осы жастан үлкен, ал екінші жартысы кіші екенін білдіреді. Бұл параметр қоғамның жас құрылымын, еңбек нарығы мен зейнетақы жүйесіне түсетін жүктемені айқын көрсетеді.

Кесте бойынша медианалық жасы ең жоғары 10 ел мен аумақ төмендегідей (бірдей көрсеткіш тіркелген жағдайда халық саны көбірек ел жоғары қойылған):

  • Монако – 53,1 жас (халық саны — 38 087 адам);
  • Әулие Елена аралы (Остров Святой Елены) – 51,0 жас (5 147 адам);
  • Жапония – 50,2 жас (122 427 731 адам);
  • Мартиника – 50,2 жас (337 711 адам);
  • Сан-Марино – 49,1 жас (33 605 адам);
  • Италия – 48,6 жас (58 926 166 адам);
  • Гонконг – 47,9 жас (7 378 602 адам);
  • Сен-Пьер және Микелон – 47,6 жас (5 513 адам);
  • Гваделупа – 47,4 жас (372 453 адам);
  • Португалия – 47,2 жас (10 395 362 адам).

Оқи отырыңыз: Қазақстан цифрлық даму рейтингінде 20 елдің қатарына енді


Ал медианалық жасы ең төмен (ең жас) 10 ел мен аумақ тізіміне негізінен Орталық және Шығыс Африка мемлекеттері енген:

  • Орталық Африка Республикасы – 14,6 жас (халық саны – 5 698 984 адам);
  • Сомали – 15,6 жас (20 305 907 адам);
  • Нигер – 15,7 жас (28 814 878 адам);
  • Чад – 15,7 жас (21 560 380 адам);
  • Конго Демократиялық Республикасы – 15,9 жас (116 452 162 адам);
  • Мали – 15,9 жас (25 932 275 адам);
  • Мозамбик – 16,6 жас (36 639 851 адам);
  • Бурунди – 16,6 жас (14 729 157 адам);
  • Ангола – 16,7 жас (40 215 179 адам);
  • Уганда – 17,1 жас (52 761 469 адам).

Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстандағы медианалық жас 29,7 жасты құрайды – бұл көрсеткіш еліміздің әлі де жас әрі демографиялық тұрғыдан серпінді дамып келе жатқан мемлекет екенін растайды. Орталық Азиядағы көршілеріміздің қатарында Қырғызстанда бұл көрсеткіш 25,5 жас, Өзбекстанда 27 жас, ал Түркіменстанда 27,3 жас болып отыр, бұл өңір елдерінің демографиялық тұрғыдан жас екенін дәлелдейді. Ал ірі көршілеріміздің жағдайы мүлде бөлек: Ресейде медианалық жас 40,7 жасқа, ал Қытайда 40,6 жасқа жетіп, екі елде де халқының қартаю үрдісі айқын байқалып отыр.

Бұл статистика жаһандық демографиялық көріністің қарқынды өзгеріп жатқанын айқын көрсетеді: бір бөлікте халық қартайып, саны азайып жатса, екінші бөлікте жас буын есебінен тұрғындар саны қарқынды ұлғаюда. Ал Қазақстан өзінің 1,15 пайыздық тұрақты өсімімен демографиялық тепе-теңдікті сақтап отырған елдердің қатарында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау