Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытының шатырын жаңартты

Балқаш мыс балқыту зауытының 21 мың шаршы метрден астам шатыры жаңартылды. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Балқаш мыс балқыту зауытының 21 мың шаршы метрден астам шатыры жаңартылды. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Бұл – Қазақмыстың өндірістік инфрақұрылымды күтіп ұстау және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі.

"Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында өндірістік ғимараттардың шатырын жаңарту жұмысы жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері 21 633 шаршы метр шатыр жабыны жөнделді. Бұл жоспарланған 27 310 шаршы метр көлемнің 79,2 пайызы, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Жұмыс өндірістік инфрақұрылымды жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Ол ғимараттардың сенімділігін арттыруға, пайдалану мерзімін ұзартуға және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Балқаш мыс балқыту зауытының 21 мың шаршы метрден астам шатыры жаңартылды. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жұмыстың негізгі бөлігі мыс электролизі цехының нысандарында жүргізілуде. Жөндеу жұмысына 1,14 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінге дейін жоспарланған 12 103,4 шаршы метр шатыр жабынының 9551,4 шаршы метрі жаңартылды. 

Цехтың бас корпусындағы алтыншы аралықтың 2421 шаршы метр жұмсақ шатыры жөнделді. Сонымен қатар металл құрастырмалар боялып, ауданы 752 шаршы метр жарық түсетін фонарьдың әйнегі ауыстырылды. Бак аралығында 3624,4 шаршы метр шатыр жөнделіп, жаңа терезе блоктары орнатылды. 

Жұмыстың тағы бір бағыты – негізгі корпустың шатырындағы нөсер су кәріз жүйесін ауыстыра отырып, күрделі жөндеу жүргізу болды. Қайта жаңғырту барысында темірбетон плиталар заманауи сэндвич-панельдерге ауыстырылуда. Бұл ғимараттың көтергіш конструкцияларына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 

2026 жылға жоспарланған 3018 шаршы метр шатыр жабынының 2 754 шаршы метрі монтаждалды. 2027 жылы тағы 3040 шаршы метр шатыр жабынын жаңарту жоспарлануда. 

Күн сайын нысандардағы жұмысқа 50-60-қа жуық маман жұмылдырылады. 

Балқаш мыс балқыту зауытының шатырын жаңарту – Қазақмыстың өндірістік инфрақұрылымды күтіп ұстау және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. Бағдарламаны іске асыру өндірістік нысандардың сенімділігін арттыруға және кәсіпорынның тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасауға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау