Атырауда 11-12 жастағы балалар көшеден ақша толы әмиян тауып алған

Балалар көшеден ақша толы әмиян тауып алған. Видео скрині
Балалар көшеден ақша толы әмиян тауып алған. Видео скрині
Атырауда балалар 300 мың теңгеге жуық ақша тауып, полицияға тапсырды.

Атырауда 11-12 жастағы бір топ бала көшеден ішінде 300 мың теңгеге жуық ақша бар әмиян тауып алған. Олар олжасын өзара бөліспей, бірден жақын маңда жүрген полиция қызметкерлеріне тапсырған. Тәртіп сақшылары әмиянның иесін анықтап, ақшаны қайтарып берді.

Оқиға 17 қарашада Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданында болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлеріне 5-6-сынып оқушылары келіп, көшеден әмиян тауып алғанын айтқан. Оның ішінде шамамен 300 мың теңге болған. Балалардың адал әрекетіне куә болған полиция қызметкері оқиғаны видеоға түсіріп, олардың тәрбиесі мен жауапкершілігіне ерекше тоқталған.

"Достар, кеше керемет жағдай болды. Бесінші-алтыншы сыныптың оқушылары ақша толы әмиян тауып алыпты. Олар ол ақшаны бөліп алмай, тығып қоймай, бірден айналада жүрген полиция қызметкерлеріне табыстады. Ақша кейіннен иесіне қайтарылды. Иесі қатты қуанды", – дейді полицей.

Полиция қызметкерінің айтуынша, балалардың бұл әрекеті ата-анасының дұрыс тәрбие бергенін және олардың тәртіп сақшыларына сенетінін көрсетеді.

"Бұл жерде 11-12 жастағы балалардың адалдығы мен полицияға деген сенімі – ата-анасының дұрыс тәрбие бергенін көрсетеді. Біздің болашағымыз жарқын екенін көрсетеді", – дейді видеодағы полицей.

Атырау облыстық полиция департаменті де оқиғаны растады. Тәртіп сақшылары әмиянның иесін тауып, жоғалған ақшаны оған қайтарып берген.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің маңынан бірнеше дорба доллар табылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау