Тікелей эфир

Astra Plat көлік картасын қалай алуға болады?

Фото alrt.kz сайтынан алынды
Фото alrt.kz сайтынан алынды
Қоғамдық көлік картасы RTVM-автоматтарда және мамандандырылған кассаларда сатылады.

Astra Card-тың 3 түрі бар:

  1. Жеңілдігі бар карта;
  2. Мектеп картасы;
  3. Толықтыруға болатын карта.
Жеңілдігі бар көлік картасын алу үшін:

Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, операторға жеке сәйкесендіру номерін (ЖСН) айту қажет. Оператор базадан атаулы көлік картасын алушылар тізімін тексеріп, сіздің бұл карта түрін алуға құқығыңыз бар-жоғын анықтайды. Егер жеңілдігі бар көлік картасын алушылар қатарында болсаңыз, картаны алудың екі жолы бар:

  1. www.transcard.kz сайтында онлайн-өтінім қалдыру арқылы. Карта дайын болған кезде, электрондық поштаңызға хабарлама келеді. Бұл жағдайда дайын картаны Орталық кассадан алу қажет.
  2. Орталық кассасында картаға тапсырыс беру. Бұл ретте өзіңізбен бірге жеке куәлік пен қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру құқығыңызды растайтын құжатты алып бару қажет.

Орталық касса Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1-үй мекен-жайы бойынша орналасқан. Дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9.00 – 18.00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді. Картаны бірінші рет жасату тегін, қайта басып шығару құны – 400 теңге.

Оқи отырыңыз: Көлік салығын қалай төлеуге болады?

Мектеп көлік картасын алудың да екі жолы бар:

  1. www.transcard.kz сайтында онлайн-өтінім қалдыру арқылы. Карта дайын болған кезде, электрондық поштаңызға хабарлама келеді. Бұл жағдайда дайын картаны Орталық кассадан алу қажет.
  2. Орталық кассасында картаға тапсырыс беру. Бұл ретте өзіңізбен бірге жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, мектептен анқытама және баланың 3х4 фотосын алып бару қажет.

Толықтыруға болатын картаны мамандандырылған кассалардан немесе RTVM-автоматтардан сатып алу мүмкіндігі бар.

Мамандандырылған кассалардың мекен-жайы мен жұмыс тәртібі

Нұр-Сұлтандағы 30 RTVM-автоматтың мекен-жайы

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары