Таңбада қазақ даласының киелі жануары құлан бейнеленген.
Ұлытау облысының өңірлік нышанын анықтау жөніндегі комиссия шешімімен облыстың төлтаңбасы таңдалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мамыр айында жарияланған конкурсқа 24 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс түскен еді. Комиссия алматылық авторлар Бақытжан Бұқарбай мен Дулат Үсенбаев ұсынған жобаны үздік деп таныды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ақжайық, Алтай, Қызылжар, Баянауыл. Ұлытау әкімі бірқатар облыс атауын өзгертуді ұсынды
Төлтаңбада "Ұлытау облысы" деген сөз және қазақ даласының киелі жануары, қазақ танымына жақын құлан бейнеленген.