Саясаттанушы өңірде туризмді дамыту мәселесіне тоқталды.
Ұлытаудың туризмдік потенциалы өте жоғары. Бірақ, инфрақұрылымды дамыту үшін бюджеттің нақты бір шоғырланған жері керек, деп мәлімдеді қазақстандық қоғамдық даму институтының директоры, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.
"Халық жаңа үш облыстың пайда болуын қолдап отыр. Осы үш облыстың пайда болуында мен үшін тарихи, саяси, мәдени символизм жатыр. Біріншіден, Семей деген ұлы Абайдың туған жері. Абай қазақ үшін ғана емес, әлем үшін дара тұлға. Жетісуды "жер жаннаты" деп атайды. Қазақ халқы, Қазақстан үшін өте маңызды аймақ. Батыс Түрік қағанатының, басқа да Қазақстан территориясында болған үлкен империялардың, үйсін, ғұн, сақтардың орталығы болған. Ұлытауда Жошы хан тарихи-мәдени кешенін ашу туралы тапсырма орындалды", – деді Қазбек Майгелдинов.
Оқи отырыңыз: Әшімбаев: Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары – ұлт ретінде өсуіміздің жарқын көрінісі
Әрі қарай саясаттанушы Ұлытау өңірінің туризмдік тартымдылығының жоғары екенін атап өтті.
"Ұлытаудың тарихи-мәдени орталық болуынан бөлек, туризмдік потенциалы өте жоғары. Өзім Ұлытау, Жезқазғанда археолог ретінде қазба жұмыстарын жүргіздім. Сол жерде қазір ата-анам мен жанұям тұрып жатыр. Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері бар, бірақ, өкінішке орай, оларға баратын жол мүлдем жоқ. Жергілікті адамды білмесеңіз, табу өте қиын. Бұлар Түркістандағы кесенеден бірде-бір кем емес, үлкен, ұлы кесенелер", – деп қосты саясаттанушы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ұлытау және Абай облыстары құрылады
Сондай-ақ, ол жаңа аймақтарға бюджет бөлу мәселесіне тоқталды.
"Бұл жағдайды жақсарту үшін, әрине, инфрақұрылым болуы қажет. Ал инфрақұрылымды дамыту үшін бюджеттің нақты бір шоғырланған жері керек. Егер Ұлытау облыс болып, осы жердің инфрақұрылымына бюджеттен қаржы бөлінсе, онда ол әлем үшін дамыған, тартымды туристік аймаққа айналады", – деді Қазбек Майгелдинов.
Еске салсақ, Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын құру ұсынылғаны туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады
-
467
-
0
-
2
-
-
2Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды
-
413
-
0
-
2
-
-
3📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ
-
399
-
0
-
1
-
-
4«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
-
386
-
0
-
2
-
-
52023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
-
373
-
0
-
4
-
-
6🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді
-
365
-
0
-
11
-
-
7Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты
-
351
-
0
-
1
-
-
830 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
356
-
0
-
3
-
-
9АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?
-
374
-
0
-
1
-
-
10Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
-
394
-
0
-
2
-