Еліктің лағы 28 маусым күні Кругляшок пен Райхан атты еліктер жұбында өмірге келген.
Елік әзірге енесінің сүтін емеді. Бұл туралы зообақтың Instagram парақшасында жазды.
"Әрине, баршаңызға балаларға арналған мультфильмнен таныс еліктің лағы – Бэмби.
Ол 28 маусымда Кругляшок пен Райхан атты еліктер жұбында дүниеге келді. Біз оған Бәйшешек деп ат қойдық. Бүгінде ол кішкене өсіп, өзін жақсы сезінеді. Әзірге енесінің сүтін емеді. Аздап шөптің, жеміс пен жарманың дәмін тата бастады", – деп жазылған зообақтың Instagram парақшасында.
Кішкентай Бәйшешекті зебралар вольерінің оң жағындағы үлкен қоршауда тұратын еліктер отбасымен бірге көруге болады.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысының өңірлік нышаны белгілі болды.