820 бас жыртқышы бар Алматы зообағы биыл 106 миллион теңгедан астам қаржығы мал етіне тапсырыс берген.
Қарағандыда хайуанаттар бағының қызметкерлері аңдарды қоректендіру үшін "миллиондар" жұмсап, етке тапсырыс берген. Алайда ірі қара еті жыл соңына дейін жетпей қалуы мүмкін. Сол себепті зообақ ішінде ұсақ малды өздері бордақылап жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Биыл Қарағанды хайуанаттар бағы жыртқыштарды қоректендіруге 59 миллион теңге қарастырып отыр. Олар 17 тонна ірі қара мал, 12 тонна жылқы еті мен 10 тонна тауық етіне тапсырыс берген. Алайда зообақ қызметкерлері бұл азық жетпейді деп болжап, қосымша ұсақ малды бордақылап жатыр.
"Еттің қымбаттағаны әсер етіп жатыр. Бірақ біздің хайуанаттар бағында азықтандыру бөлімі бар. Онда қой мен ешкілердің төлдері бар. Соны қосымша ретінде беріп жатырмыз", – деді Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері Ербол Тасболатұлы.
Оқи отырыңыз: Ұшақтар мен пойыздарда жануарларды алып жүру тәртібі
Ал 820 бас жыртқышы бар Алматы зообағы биыл 106 миллион теңгедан астам қаржығы 63 тонна ірі қара мал етіне тапсырыс берген. Биыл бөлінген қаржы сомасы 5 миллион теңгеге артқан. Зообақ өкілдері мұны жыртқыштардың көбеюімен түсіндіріп отыр. Құстардың өзі күніне 74 кг ет жейді.
"Биыл жыртқыштар мен жыртқыш құстардың саны көбейді. Оларға қорек керек. Құстар да ет жейді. Жыртқыш аңдар күніне бір рет қоректенеді. Әр жануар әртүрлі. Мысалы, жолбарыс күніне 12 кг ет жейді", – деді Алматы қаласы мемлекеттік хайуанаттар бағының бас зоотехнигі Әділ Қанапин.
Шымкентте Алматыдағы зообаққа қарағанда жыртқыштар саны аз болса да, олар 50 жыртқыш аңды қоректендіруге 116 миллион теңгеut етке тапсырыс бермек. Әзірге мемлекеттік сатып алу порталында конкурс қана жарияланды. Оның ішінде жылқы, ірі қара мал және қой еті бар. Зообақ өкілінің айтуынша, жыртқыш аңдарға күн сайын 200 кг ет кетеді.
"Бізде ет жағынан қиындық жоқ. Тапсырысты орындаушылар етті уақытылы жеткізіп отырады. Жыртқыштарға тендер арқылы жылқы, сиыр, қой, тауық еттеріне тапсырыс беріп алдыртамыз. Арыстандар күнделікті 10 кг ет жесе, жолбарыстарға 12 килограмнан беріледі. Жазда норманы екі килограмға азайтамыз", – деді Шымкент қаласы мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары Зульфия Галиева.
Зообақ өкілдерінің айтуынша, оларға етті жеткізіп берушілердің көбі – фермерлер. Жыл бойы тапсырыс алғандар барынша жаңа сойылған мал еттерін әкеліп береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады
-
463
-
0
-
2
-
-
2Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды
-
408
-
0
-
2
-
-
3📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ
-
394
-
0
-
1
-
-
4«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
-
382
-
0
-
2
-
-
52023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
-
368
-
0
-
4
-
-
6🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді
-
360
-
0
-
11
-
-
7Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты
-
346
-
0
-
1
-
-
830 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
350
-
0
-
3
-
-
9АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?
-
367
-
0
-
1
-
-
10Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
-
384
-
0
-
2
-