Қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстан арасында тағы 3 теміржол туры болады

Фото: Қазақстан темір жолы
Фото: Қазақстан темір жолы
Мемлекетаралық турлар Орталық Азияда бірыңғай туристік кеңістік қалыптастыруға ықпал етеді.

Қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстанның қалаларын байланыстыратын 3 теміржол туры жоспарланып отыр, деп хабарлады Kazakh Tourism. 

Туроператорлар туристік пакеттерді көпшілікке ұсынып, қос елдің мәдени мұрасымен танысуға және Ұлы Жібек жолы керуендерінің ізімен жүруге шақырады. 

маршрут Алматы қаласынан басталады және ұзақтығы 5-7 күнді құрайды. Туроператорлар қазірдің өзінде туристік топтарды жинақтауға кірісті. Саяхатшыларға мәдени бағдарламалар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсиялар, заманауи вагондарда жайлы орналасу, ішінара тамақпен әрі көлікпен қамтамасыз етіледі. 

  • "Khan-Turan Travel" туроператорының "Jibek Joly 5.0" бағдарламасы 21 қыркүйекте басталады. Бұл – биылғы бесінші тур. Бағдарда Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалалары бар. Саяхат барысында туристер ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны Отырармен де танысады. Сонымен бірге Тараз бен Шымкент қалаларында туристердің міну және түсу мүмкіндігі қарастырылған. 
  • Екінші турды "Тұран Қазақстан тревел" туристік компаниясы ұсынады. 26 қыркүйекте туристік пойыз жолға аттанады. Оның аясында "Алматы – Самарқан – Бұқара – Ташкент – Түркістан – Алматы" бағыты бойынша саяхат ұсынылады. 
  • Үшінші "Keruen Express" деп аталатын тұрақты тур 30 қыркүйекке жоспарланған. Оның бағдары: "Алматы – Түркістан – Самарқан – Бұқара – Ташкент – Алматы". Бағдарлама аймақтың мәдени мұрасымен танысуға бағытталған. 
Фото: Қазақстан темір жолы

Мемлекетаралық турлар Орталық Азияда бірыңғай туристік кеңістік қалыптастыруға, өңіраралық туризмді дамытуға және ортақ тарихи мұраны дәріптеуге ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары