Тікелей эфир

Әлемде халал индустрияның дамуы мұсылман емес елдерде де қарқын алды

Экономиканың халал секторы әлем елдерінің 20 пайызында дамып отыр.

Түркияда өткен халал өнімдердің бүкіләлемдік саммитінде әлем елдерінде халал индустрияның даму беталысы талқыланды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Сауд Арабиясы Халал орталығының вице-президенті Тамер Бааззим халал нарығымен байланысты экономика бүкіл әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. 

Сала сарапшысының сөзінше, бүгінде халал секторы әлем елдерінің 20 пайызы үшін маңызды салаға айналған. 

"Бұл ретте дәстүр инновациямен үндесуі тиіс. Біз әлемдік экономикада халал өнімдерді көшбасшы позицияға шығару мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан, біз халал индустрияға тек мұсылман елдеріне қатысты сала ретінде қарамауымыз керек. Біздің алдымызда халал менталитетін өзгерту міндеті тұр", – деді Тамер Бааззим. 


Оқи отырыңыз:


Оның айтуынша, халал индустриясы бүкіл әлем бойынша жақсы дамып жатқанына қарамастан, мұсылман емес ел тұрғындары арасында халал концепциясы аса танымал әрі түсінікті емес. 

"Біз халал өнімдерді тек діни тұрғыда сипаттап қана қоймай, олардың денсаулыққа пайдасы және қауіпсіздігі  туралы көбірек айтуымыз керек. Біз халалды хаһандық даму мақсаттарымен біріктіруге тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды", – деді сарапшы. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары