Тікелей эфир

Өнімнің халал екенін анықтауға арналған Halal Guide қосымшасы іске қосылды

Қосымша мәліметтері halaldamu.kz сайтындағы ресми ақпарат негізінде үнемі жаңартылып отырады.

Өнімнің халал екенін жылдам анықтауға арналған Halal Guide мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қосымшаның негізгі қызметі – "QMDB Halal" өнімдерді іздеу функциясын қолжетімді ету. Halal Guide қосымшасында көрсетілген барлық деректер halaldamu.kz сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалған және әрдайым жаңартылып отырады. Кәсіби мамандардың ұзақмерзімді ізденісі нәтижесінде дайындалған қосымшасының бірнеше артықшылығы бар:

  • Кез-келген өнім не кәсіпорынның "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен-өтпегенін жылдам тексеруге мүмкіндік береді;
  • Өнім қаптамасында көрсетілген "Е тағамдық қоспалардың" рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтауға болады.
  • Халал тамақтану орны, ет дүкені секілді кез-келген сертификатталған кәсіпорын мекен-жайы 2Gis картасы арқылы көрсетіледі.

Қосымшаны App StorePlay market арқылы жүктеп алуға болады.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары