Тікелей эфир

Арықтауға қатысты мифтер: ақшаны босқа шашпау үшін нені білген маңызды?

Informburo.kz денедегі артық майды кетіремін деп ақшаны босқа шашып, денсаулыққа зиянын тигізетін мифтер жайлы айтып береді.

Арықтағысы келетіндер әдетте диетолог-дәрігерге емес, интернетке жүгінеді. "Дәрігерлер бізден арықтаудың әдісін жасырып жүр" деген секілді айқайлаған тақырыптарға қазір көпшілік сене бермейді. Десек те, осы тақырыптағы салмақты материалдар да кездесіп жатады. Informburo.kz арықтаудың әдістері туралы, қай тәсілдің пайдалы, қайсысының денсаулыққа зиянды екенін төмендегі материалда толығырақ тоқталады.

Орыс тіліндегі нұсқасын оқи отырыңыз: Мифы о похудении: что нужно знать, чтобы впустую не тратить деньги

Арықтау туралы мифтер несімен қауіпті?

Informburo.kz тілшілері медицина магистрі, тамақтану гигиенасы саласындағы дәрігер, диетолог маман және спорт саласындағы нутрициолог Анастасия Колпаковамен сұқбат құрды. Маман арықтауға қатысты рецептілердің қайсысының денсаулыққа зиянды екенін айтып берді.

"Диеталардың кейбірінің адам ағзасына еш зияны болмайды, ал қайсыбірінің денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіретіні бар. Әсіресе майлар мен көмірсутегілерінен бас тарту арқылы монодиетаға отырып, ашығып ағзаны тазалау зиян. Мысалы: шлактарды тазалау үшін ашқарынға май ішу немесе ағзадағы қыжылды азайту үшін ас содасын ішу дұрыс емес".

Анастасия Колпакованың айтуынша, тек интернетте ғана емес, біліктілігі төмен кеңесшілер арқылы халыққа тез тарап кететін мифтер қауіпті. "Мысалы арнайы білімі жоқ мамандар ағзаны тазалау үшін түрлі майларды ішу және медициналық көрсеткіштерсіз паразиттерден арылтатын түрлі терапияларды жасау туралы кеңес береді. Мұндай "мамандардың" арқсында арықтауға қатысты мифтер де кең тарала береді. Сондықтан да маманның қызметіне жүгінерде оның базалық білімі туралы сұрауға кеңес береміз. Ол міндетті түрде арнайы курстан өткен кәсіби дәрігер болуы керек".

Арықтау туралы әйгілі мифтер

Анастасия Колпакованың айтуынша, арықтауға қатысты мифтер мен стереотиптердің арасында ең көп кездесетіндері төмендегілер:

  • Майды ерітетін өнімдерге имбир шайы, лимон қосылған су, грейпфрут, ананас және т б.жатады.
  • Суды дұрыс ішу әдісі мен нормасы: тәулігіне 2 литр немесе 8 стақан су ішу керек, тамақтан соң су ішуге болмайды, салқын су ішу қажет – ағза оны жылытамын деп қосымша энергия жұмсайды.
  • Май бұлшықеттерге беріледі.
  • Бөліп тамақтану: белоктарды май мен көмірсулардан бөлек тұтыну керек.
  • Май – қауіпті: тамақта майды жеу зиян және олардан бас тарту керек,
  • Қышқылдататын және сілтілететін өнімдер болады, олар ағзаның ішкі ортасын өзгертеді.
  • Ағзаны тазалау мен детоксикациялық бағдарламалар салмақты азайтуға көмектеседі.

Аталған тәсілдер мен ақыл-кеңестердің барлығының ешқандай ғылыми негіздері жоқ. Маманның сөзінше, кейбір адамдардың осындай мифтерге сенетіні соншалық, олар тіпті қандайма бір ұсыныстарды қабылдамайды. Informburo.kz тілшісі фитнес орталықтар мен тақырыптық топтарда, бьюти блогтарда арықтау туралы мифтердің қаншалықты кездесетінін зерделеп көрді. Мұндай ақыл-кеңестерді талдап, олардың қаншалықты қауіпті екенін анықтап көрді.

№1 Миф. Лимон шырыны қосылған су

Ең танымалы ақыл-кеңестердің бірі таңертең ашқарынға лимон шырыны қосылған бір стақан су ішу. Мұны ағзадағы зат алмасу процесін бастаудың немесе оны тездетудің ең дұрыс әдісі деп те айтады: ағзаға таңғы асты жақсы сіңіріп, калорияларды тез жұмсауға септігін тигізеді.

Бұл әдістің қай жері дұрыс емес?

Ағзадағы зат алмасу – өмір бойы өздігінен жұмыс жасайтын процесс, яғни оны бастап немсесе тездетудің қажеті жоқ. Зат алмасудың екі негізгі әрекеті бар:

  1. Заттардың бөлінуі. Ас қорыту процесінің нәтижесінде асқазандағы тамақ белоктар аминоқышқылға және көмірқышқылы немесе моносахаридттарға бөлінеді. Бұл – нәтижесінде энергия бөлінетін күрделі механизм.
  2. Қажетті заттардың синтезі. Қарапайым құрамдардан керісінше ағзаға қажетті заттар түзіледі. Мысалы аминоқышқылдан – белок. Белоктарды жинау үшін энергия жұмсалады.

Бұл процестер өте кұрделі және ағзаның өмір сүруі үшін тоқтаусыз жүзеге асады. Лимон құрамындағы С қышқылы зат алмасу процесіне шамалы әсер етеді. Бірақ таңғы асты қорытып жіберетіндей күшті әсері жоқ. Сондай-ақ лимон қышқылы бар суды ашқарынға ішу асқазаны ауыратын адамдарға зиян.

№2 Миф. Зат алмасу процесін тездету

Зат алмасу процесіне әсер етуге болады және бізге осы әдісті жарнамалап жатады. Зат алмасуды күшейтетін заттар ретінде интернетте ананас сығындысы бар таблеткалар мен кофеиндер, годжи жидегі немесе майды ерітетін спорттық қоспаларды атайды.

Бұл әдістің несі дұрыс емес?

Ағзадағы химиялық реакцияларды азайтатын немесе күшейтетін ферменттер зат алмасуды реттейді. Ферменттерге әсер етуге болады, мысалы фосфодиэстераза ферментін кофеиндер бұғаттайды. Фосфодиэстераза адреналинге байланысты реакцияны тежейтін медиаторды бұзады. Кофеин бұл ферментті бұғаттаған кезде медиаторлар жиналып, адреналин тектес реакцияларды шақырады. Яғни жүрек соғысы жиілеп, қан тамырлары кеңейеді және жүйке жүйесін қоздырып, нәжіс шығаруды күшейтеді.

Бұл ағзадағы зат алмасуды күшейтеді, бірақ. анау айтқандай күшті емес. Кофеинге әуестенудің де қажеті жоқ. Оны шектен тыс тұтыну басты ауыртып, жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздырады, басты ауыртады. Зат алмасуды қан айналымын арттыратын физикалық жаттығулар да күшейтеді. Бірақ бұлардың барлығын оны реттейтін таңғажайып әдіс деп айту қиын. Яғни кез-келген көлемде әр нәрсені жеуге болады. Алайда дұрыс тамақтану мен қалыпты жұмыс режимінің және демалыстың орнын басатын зат жоқ.

№3 Миф. Ағзаны шлактардан тазарту керек

Интернетте ағзаны тұрақты түрде тазартып отыру керектігі туралы көп айтылады. Оның негізгі мағынасы: ағза шлакка толып қалғандықтан оның барлық жүйелері дұрыс жұмыс істемейді.

Мұның несі дұрыс емес?

Ағзада шлактардың бар екенін әзірге ешкім дәлелдеген емес, бұл түсінік тек балама медицинада кеңінен қолданылады. Адамда бүйрек пен бауыр бар. Олар зат алмасудан қалған зиянды заттарды залалсыздандырып, сыртқа шығарады. Мысалы, осындай алмасу процесінің соңғы бекеті – сұйық нәжіс қышқылы. Ол арқылы ағзадағы улы аммиак шығарылады. Бұл ретте ағзаға сырттан у кірсе, ол жүк болып жиналып тұрмай ағзаға дереу әсер етеді. Мысалы темекі тартқанда ағзаға көгерткіш қышқыл әсер етеді. Бұл жағдайда ағзаны тазалаудың орнына темекіні тастауға тырысқан дұрыс.

Ағзаны тазалаудың интернетте ұсынылған кейбір әдістері ақылға сыймайды. Мысалы кіші және үлкен дәретті жүргізетін заттарды қолдануға кеңес береді. Оларды жайдан-жай қолдануға болмайды. Бұл тазарту емес керісінше ағзаға ұлкен соққы. Аш қарынға май немесе лимон қышқылы бар шырынды ішуге кеңес беру де осы сияқты. Мұндай тазартулар шлак емес, ағзадағы өт пигменттері мен қорытылмаған майлардың қоспасын бірге алып шығады. Мұндай әдістерге құмарлық зат алмасу процесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Уытсыздандыру процесін смузилар мен шырындардың, ұнтақтар мен асжапырақтарының көмегімен жасаудың да еш пайдасы жоқ. Ағзада жоқ шлакты шығаруға тырысқаннан ешнәрсе шықпайды. Ал ағзада улы шлак болған күннің өзінде оларды шырын ішіп, тазалау мүмкін емес. Бұл жерде медициналық көмек қажет.

№4 Миф. Құнарлылығы төмен өнімдер мен суперфудттар

Суперфудтар – ағзаға қажетті және пайдалы витаминдері бар табиғи өнімдер. Олар ағзаны тонуста ұстауға, зат алмасуды жақсартуға әсер етеді. Ал құнарлылығы төмен өнімдер тез арықтауға әсер етеді. Себебі оны қорытуға ағза тамақтың құнарындағыдан көп энергия жұмсайды.

Мұның несі дұрыс емес?

Суперфудтардың тізіміне қара жидек, мүкжидек, гуава шырыны, зығыр дәні, арган майы, хлорелла секілді өнмідер кіреді. Суперфудтың қатып қалған тізімі жоқ және әр жерде әртүрлі айтылады. Бұл қандай да бір өнімді "супер" деп есептейтін талаптардың болмауына байланысты осылай аталады.

Food&Function журналы 2018 жылдың ақпан айында 17 суперфудтың тізімін алып, метаталдау жасаған. Ғалымдар зерттеу қорытындысы қарама-қайшылықтар көрсеткенін айтқан. Себебі аталған өнімдерді қаншалықты ұзақ және қандай мөлшерде қабылдау керектігі туралы деректер есептелмейді. Бұл өнімдер көптеген елдерде дәстүрлі тамақтануда пайдаланылады. Бірақ олар бірнеше өнім түрінің орнына қолданылмайды және айтарлықтай әсер бермейді. Сондықтан да суперфудтар үйлестірілген немесе түрлендірлеген тағам мөлшерін алмастыра алмайды.

Өнімдердің құнары әр түрлі болады. Бірақ теріс калориялы өнімдер деген болмайды. Термодинамиканың алғашқы заңын еске түсіріңіздерші. Энергия жоқтан пайда болмайды және із–түзсіз ешқайда кетпейді. Ол тек белгілі бір процестердің нәтижесінде бір түрден екінші түрге ауысады. Ағзада да осы заң жұмыс істейді. Энергия тіршілікке қажетті процестерге жұмсалады және бұған энергияның көп бөлігі жұмсалады. Асты қорытуға және қабылдауға да энергия жұмсалады: асып кетсе алынған энергияның 10 пайызы ғана.

Қорытынды қандай? Қалай арықтау керек? Тіпті арықтаудың маңызы бар ма?!

Біреулерге ұнау немесе өзіміздің өзімізге деген көзқарасымызды жақсарту әрине табиғи құбылыс. Бұл арқылы біз өзімізге деген сенімділікті арттырамыз. Бұл жұмысты әркім әрқалай жүзеге асырады, кейбіреулер тап осы мақсатта арықтауға тырсады. Бұл ретте барынша сақтықпен өзіңіз бен денсаулығыңызды ойлаған жөн. Диетолог маман адамға арықтау керек пе әлде бұл оның ағзасына кері әсер ете ме, осы туралы толығырақ түсіндіріп берді.

Ең жақсы әдіс ол маманның, диетолог-дәрігердің көмегіне жүгініп, жалпы тексеріс пен биоимпедансометрия әдісімен зерттеу жүргізу. Мамандар ағзаның жай-күйі мен мақсатыңызға қарай кеңес береді. Өз еркіңізбен денеңіздің салмақ индексін есептеуге болады. Ол үшін өзіңіздің салмағыңызды бой өлшеміңізге бөлесіз.

Мысалы, салмағы 65 кг, бойы 1,7 м адамның салмақ индексін есептеп көрейік.

65 : (1,7)² = 65 : 2,89 ≈ 22,5

Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 20-25 кг/м2 аралығында болуы керек. Егер көрсеткіш 30 кг көп болса, эндокринолог маманның қабылдауына жазылу керек. Салмақ индексінің артып кетуі эндокриндік жүйедегі проблемалармен түсіндірілуі мүмкін. Сол үшін оны арықтағанға дейін тексеріліп алған жөн.

Арықтап, салмақты бекіту үшін және дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру үшін кешенді тәсіл қажет. Бұл ретте қозғалу, жаттығу, демалу белсенділіктерін алып тастап, тек қана тамақтануға басымдық берген дұрыс емес.

Авторы Анастасия Горбунова.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары