Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тест мазмұнын жаңартты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тест сынағының тегін және ақылы түрі бар.

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест сынағының мазмұны жаңарғанын хабарлады

Тегін тест сынағын ҰТО тестілеу парақшасында, ал ақылы тест түрін ҰТО сайтында тапсыруға болады. Екі жағдайда да тест тапсырушы платформаға тіркелуі тиіс. 

Ақылы тест тапсыру құны – 2140 теңге. 

Еске салайық, жақында Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Оның мәндері төмендегідей:

  • Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
  • Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
  • 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
  • 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары