Алматыдағы Astana Motors коммерциялық техника зауытында енді Changan Hunter Plus көлігі құрастырылатын болды. Қазақстан бұл көлік моделінің типін мақұлдау құжатын ресми түрде иеленді.
Көлікті Қазақстанда құрастыру оның құнын әлдеқайда төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, Қытайдан әкелінген осы маркадағы жаңа көліктердің бағасы Қазақстандағы дилерлік орталықтарда 17 миллион теңгенің үстінде болса, брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы елімізде құрастырылған пикап бағасы 13 990 000 теңгеден басталатынын хабарлады.
Айта кетейік, Changan Hunter Plus қуаты 226 ат күшіне тең. Ол 2 литр бензинді турбоқозғалтқышпен жүреді. Автоматты беріліс қорабы 8 сатылы. 4WD толық жетек жүйесі әртүрлі жол жабынында, соның ішінде қара жолдар мен күрделі жолсыз жерлерде сенімді жүруге көмектеседі.
Қазақстанда тоғыз айда 136 мыңнан астам жеңіл автокөлік өндірілді
Қазақстан Қытай көліктерін ең көп сатып алған 10 елдің қатарына кірді