Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Тенерифе" клубының шабуылшысы Хесус де Мигель матч кезінде қарсылас қақпашысымен соқтығысып, ауыр жарақат алды. 30 жастағы футболшы ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
Қайғылы оқиға чемпионаттың 12-туры кезінде болған. Матч барысында «Андорра» қақпашысы Хесус Овономен допқа секіргенде қарсыласының кеуде тұсына тізесімен соққы жасаған. Салдарынан "Тенерифе" ойыншысы Хесус де Мигель алаңда жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді.
Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Футболшы есін жимастан жүрегі тоқтап, көз жұмды.
Клуб футболшының қайтыс болғанын растады
"Тенерифе" клубы ойыншысының қазасы туралы ресми мәлімдеме жасады.
"Тенерифе" футбол клубы 2026 жылдың 3 қарашасы күні сағат 08:00-де Хесус де Мигель Аламеданың көз жұмғанын қайғыра хабарлайды", – делінген клубтың әлеуметтік желідегі жазбасында.