Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды
Бұл қызметті атқарған Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген.

2010 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде "Executive Management" бағдарламасы бойынша оқыған.

2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары – "Зерде ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2017-2018 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;

2018-2020 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары;

2022-2025 жылдары – "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2025 жылғы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен (2021) және "Құрмет" орденімен (2025) марапатталған.

Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) Young Global Leader 2025 қауымдастығының, Global Women Asia Fellow 2024 халықаралық көшбасшылық бағдарламасының мүшесі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау