"Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, еңбек өтілі көп мұғалімдер ЖИ-ге жас әріптестеріне қарағанда азырақ сүйенеді. Сондай-ақ мектепте бұл құралдарды ең жиі пайдаланатындар – информатика мен жаратылыстану бағытының мұғалімдері, ал дене шынықтыру және көркем еңбек пәнінің педагогтері оны сирек қолданады.
Информатика пәнінің мұғалімдері ЖИ-ді ең көп қолданады. Сонымен қатар физика, химия және биология мұғалімдері де ЖИ-ді жиі пайдаланады.
Нақты көрсеткіштер:
- Информатика мұғалімдері: 29,5 пайызы ЖИ-ді әрдайым, ал тағы 39,5 пайызы жиі қолданады;
- Биология мұғалімдері: Бұл көрсеткіштер тиісінше 25,5% (үнемі) және 40,5 пайызды (жиі) құрайды;
- Физика мұғалімдері: 25,3 пайызы үнемі және 35,4 пайызы жиі пайдаланады;
- Химия мұғалімдері: 21,3 пайызы үнемі және 39,3 пайызы жиі қолданады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар жасанды интеллектіні ұстазынан қорыққаннан қолданбайды – зерттеу
Тіл пәндері мұғалімдері арасында да нәтиже әртүрлі:
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ЖИ-ді сәл сирек пайдаланады;
- Қазақ тілі және шетел тілдері мұғалімдері арасында маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
Ең төменгі көрсеткіштер
- Ең төменгі жиілік: Дене шынықтыру және көркем еңбек мұғалімдері ЖИ-ді бәрінен де сирек қолданады. Дене шынықтыру мұғалімдерінің тек 10,7 пайызы оны үнемі және 10,9 пайызы жиі пайдаланатыны белгілі болды;