Қазақстандық дәрі-дәрмек қай елдерге экспортталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан дәрілері бес елге экспортталады.

Қазақстанда фармацевтика өндірісі артып келеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, соңғы екі жылда салаға салынған инвестиция көлемі 3,3 есе, ал экспорт 1,9 есе өскен.

Былтыр Қазақстанның фармацевтика нарығының көлемі 1 трлн 285 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде отандық өндіріс көлемі 37 пайызға артқан. Биыл да өсім байқалады. Сегіз айда елімізде 157 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімі өндірілді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында отандық фармацевтика өнімдері экспортталатын негізгі елдерді атады.

"Соңғы екі жылда салаға салынған инвестициялар көлемі 3,3 есеге, ал экспорт 1,9 есеге өсті. Экспортқа жолданатын негізгі мемлекеттер қатарына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Молдова кіреді", – деді министр.

Министрдің мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйекте қант диабетін емдеуге арналған дәрінің алғашқы партиясы Болгарияға экспортталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау