Қазақстан құрамасының дзюдошысы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Финалда португалиялық спортшыны жеңді
Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
"Сұпығалиева иппон әдісін орындап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Финалдық кездесу 2 минут 33 секундқа созылды", – делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.
Осылайша, Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.