Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер Абу-Дабиде өтеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Кездесу 10-11 қарашаға жоспарланған.

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер 10-11 қарашада Абу-Дабиде өтеді. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді.

Оның айтуынша, кездесуде АҚШ тарапы делдалдық етеді. Тараптар қақтығыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік шараларын, гуманитарлық мәселелерді және бейбіт реттеу жолындағы алдағы қадамдарды талқылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар осы аптада америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездеседі. Кездесуде Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, соғыстан кейінгі Еуропаның қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге қолдау көрсетуге бағытталған экономикалық мүмкіндіктер қарастырылады.

"Киев, Осло және Санкт-Петербургте қол жеткізілген ілгерілеуді одан әрі дамытып, келешек ұрпақтың ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жан-жақты әрі тұрақты бейбіт келісімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деп жазды Стив Уиткофф.

Бұған дейін ол Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен. Кейін ол Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Санкт-Петербургке барған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау