Қазақстанда алғаш рет әйел жауынгер "Бүркіт" арнайы жасағына қабылданды

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Қымбат халықаралық жарыста көзге түскен.

Қазақстанда алғаш рет әйел әскери қызметші Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағының құрамына қабылданды. Қымбат есімді жауынгердің лақап аты – "Китана". Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Қымбаттың жауынгерлік қабілеті Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында байқалған. Ол жарыс кезінде мергендігімен ерекшеленіп, арнайы жасақ жауынгерлерінің назарын аударған.

"Қымбат – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның алты дүркін чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін әлем чемпионы. Спорттағы жетістіктері мен жауынгерлік дайындығы оның арнайы жасақ құрамына қабылдануына жол ашқан", – делінген хабарламада.

Қазір Қымбат крап беретін алу үшін арнайы сынаққа дайындалып жатыр. Сынақтан сәтті өтсе, ол Ұлттық ұлан тарихында бұл ерекше белгіні иеленген алғашқы әйел атанбақ. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау