Әскердегі жағдай тексеріліп жатыр. Қандай заңбұзушылықтар анықталды

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Комиссия 104 нысанды тексерген.

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерген комиссия 104 нысанды қамтып, аралық қорытындысын жариялады. Тексеру нәтижесінде анықталған күдікті деректер бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген.

Ақорданың мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындысын ұсынды. Осы уақытқа дейін мамандар 104 нысанды тексерген. Ал министрліктің бюджетін пайдалануға қатысты аудит әлі де жалғасып жатыр.

"Комиссия жұмысы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, әскери қызметшілердің қауіпсіздігі, әскери қызмет өткеруге қажетті жағдайдың жасалуы, азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасы мен мемлекеттік мүліктің сақталуы тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Ақорданың хабарлауынша, тексеру барысында анықталған күдікті жайттар бойынша қылмыстық қудалау органдары 37 іс қозғаған. Олардың барлығы қазір тергеліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істердің егжей-тегжейі әзірге жарияланбайды.

Бұған дейін Бас прокуратура Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты тергеу барысы туралы мәлімет берген еді. Ведомствоның хабарлауынша, іс аясында 300-ге жуық адамнан жауап алынып, 30-дан астам сараптама тағайындалған.

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау