Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды

Видео скрині
Видео скрині
Үш оқу орталығын жасырын ашқан.

Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ құрды және оған басшылық етті деген күдікпен 10 адамды ұстады. Олар терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікке де ілінген, деп хабарлайды ҰҚК. 

Тергеу мәліметінше, күдіктілер Қазақстанның батыс аймағында конституция негіздерін күшпен өзгертуді жоспарлаған.

ҰҚК хабарлауынша, күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Ведомство мәліметінше, топ мүшелері балалар мен жасөспірімдерге арналған үш оқу орталығын жасырын түрде ашқан. Олардың бірқатары бұған дейін де террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

"Топтың бірқатар мүшесі осыған дейін де террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтерін жариялаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау