Алматы әуежайынан түнгі уақытта қалай қалаға жетуге болады

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
№3 автобус кешкі 23.00-ден бастап таңғы 06.40-қа дейін қатынайды.

Алматыда 13 жылдан астам уақыт бойы тұрғындар мен қала қонақтарына әуежай бағытында түнгі қоғамдық көлік қызмет көрсетіп келеді. Осы орайда, "Алматыэлектротранс" ЖШС шаһар жұртшылығына 2013 жылдан бері үзіліссіз қатынайтын №3 түнгі автобус бағыты туралы еске салды.

Аталған бағыт "Орбита" шағынауданы мен Алматы халықаралық әуежайын өзара жалғайды. Түнгі автобус қалалық қоғамдық көліктердің басым бөлігі күнделікті қозғалысын аяқтаған мезгілде жолға шығады. Ол әуежайдан қала ішіне қатынайтын жолаушыларға, ұшақпен ұшып келетін жақындарын күтіп алушылар мен шығарып салушыларға, сондай-ақ түнгі ауысымда кеш жұмыс істейтін азаматтарға ыңғайлы көлік инфрақұрылымы ретінде қызмет етеді.

"Алматыэлектротранс" ЖШС мәліметінше, жол құны бір бағытқа – 120 теңге. Зейнеткерлер мен арнайы жеңілдігі бар азаматтар жол ақысының 50 пайызын төлейді.

Автобустың жүру жолының сызбасы. Графика: "Алматыэлектротранс" ЖШС

 

Маршруттың негізгі сипаттамасы:

  • қозғалыстың басталу уақыты – 23:00;
  • қозғалыстың аяқталу уақыты – 06:40;
  • бағыт ұзақтығы: бір бағытта шамамен – 27,5 км;
  • жолдағы уақыт: бір тарапқа болжамды түрде 55 минут;
  • қозғалыс аралығы бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асады. 

"Түнгі бағыттың болуы тұрақты қоғамдық көлік қозғалысы тоқтаған сәтте қала ішінде еркін жүріп-тұру мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл жолаушыларға жеке автокөлікке немесе такси қызметіне балама ретінде үнемді жол таңдап, сапарды алдын ала жоспарлауға жағдай жасайды. Автобустың қозғалысын "Оңай" мобильді қосымшасындағы трекер арқылы нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Сапарды жоспарлау кезінде аялдамалардың орналасуын және өзекті қозғалыс кестесін алдын ала зерделеу ұсынылады. Сонымен қатар жолдағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, уақытты дұрыс есептеген абзал", – делінген "Алматыэлектротранс" ЖШС хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Астана әуежайында "бомба бар" деп әзілдеген шетелдік рейстен түсірілді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау