Атырауда мәдениет және спорт қызметкерлеріне президент Жолдауы түсіндірілді

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өңірде әрі қарай жалғасады.

Бүгін Атырау қаласындағы Абай орталығында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесті. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттар түсіндірілді.

Кездесуге Құрылтай депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев, Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов қатысты.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, экономиканы жаңғырту, әлеуметтік саясатты жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, еңбек нарығын жетілдіру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағыттарына назар аударылды.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысының өзге де алаңдарында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен кездесулер жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау