Доллар 451 теңгеге дейін арзандады: айырбастау орындарындағы бағам қандай

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 0,85 теңгеге арзандады. АҚШ валютасының орташа бағамы 451,87 теңге болды.

Доллардың ресми бағамы – 452,91 теңге

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 451,87 теңгені құрады.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 452,91 теңге.

Ақша айырбастау орындарындағы бағам

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 448 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 502 теңге, сату бағамы – 512 теңге. Ал рубль 5,25 теңгеден сатып алынып, 5,45 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 450,74 теңге, сату бағамы 452,59 теңге болды. Еуро 505,09–509,50 теңге аралығында саудаланса, рубль 5,25–5,37 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау