4,5 млрд теңге залал келтірген қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жалған медициналық техника өндірген күдікті Қазақстанға қайтарылды.

Қазақстанда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады және жалған медициналық бұйымдар өндірді деген күдікке ілінген азамат Грузиядан елге қайтарылды. Тергеу дерегінше, оның әрекетінен мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам залал келген. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Тергеу барысында күдіктінің мемлекеттік медициналық ұйымдардың жабдық сатып алу жөніндегі тендерлерінде артықшылыққа ие болу үшін отандық тауар өндіруші мәртебесін заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

"Атап айтқанда, ол нақты өндіріс орнын құрмай, медициналық техниканың Қазақстанда шығарылатыны туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға жалған мәлімет берген. Соның нәтижесінде шетелдік бөлшектерден құрастырылған медициналық жабдықтар мемлекеттік медициналық ұйымдарға отандық өнім ретінде сатылған. Осы әрекеттер салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам шығын келген", – делінген хабарламада.

Қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл наурызда ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері Грузиядан Қазақстанға жеті адам экстрадицияланған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау