Отбасы банкінің алдындағы кезек: "Ұмай" ипотекасына өтініш берушілер таласып қалды

Отбасы банкінің Алматыдағы бөлімшесінің алдындағы кезек. Фото: видеодан үзік кадр
Отбасы банкінің Алматыдағы бөлімшесінің алдындағы кезек. Фото: видеодан үзік кадр
Адамның көптігінен банктің сервистері де ішінара істен шықты.

3 қараша күні таңертең Алматыдағы "Отбасы банк" бөлімшелерінің бірінің алдында кезек жиналды. Бұл күні банк әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды қайта бастады.

Жетісу шағынауданында түсірілген видеода бөлімше кіреберісіне жиналған адамдарды көруге болады. "Отбасы банктің" баспасөз қызметі кеңсе сағат 9:00-де ашылған сәттен бастап келушілердің ішке кіре бастағанын хабарлады. Банктің мәліметінше, қазір бөлімше алдындағы кезек реттелген.

Сағат 11:30-дағы жағдай бойынша банк бүкіл Қазақстан бойынша 300 өтінім қабылдаған. Сервистерге түсетін жүктеменің жоғары болуына байланысты кейбір клиенттер кеңес алу және құжат тапсыру кезінде кідірістерге тап болған. Банк сервистердің жұмысын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Құжаттарды банк бөлімшесінде, кеңесші арқылы немесе "Бейнеқызмет көрсету" сервисі көмегімен онлайн тапсыруға болады. Банк өтінімдерді түсу ретімен қарап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді.

Бағдарламаның екінші кезеңіне Азия даму банкі 20 млрд теңге бөлді. Конкурстық іріктеу қарастырылмаған. Қатысушылар жаңа тұрғын үй кешенінен де, қайталама нарықтан да пәтер сатып ала алады. Бұл ретте олардың атында басқа баспананың болуы кедергі емес.

Бағдарламаның алғашқы кезеңі 31 тамызда басталған. Сол күні сағат 16:00-ге қарай 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы транштың лимиті толық игеріліп, "Отбасы банк" жаңа өтінімдерді қабылдауды тоқтатқан еді.

3 қарашадағы жағдай бойынша банк алғашқы транш аясында жалпы сомасы 8,6 млрд теңге болатын 435 несие берген. Бұл бөлінген қаражаттың 96 пайызына тең.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау