Тікелей эфирде өзін "20 жылдан бері террористпін" деген әйелдің ісі сотқа жолданды

Видео скрині
Видео скрині
Әйелдерге қатысты үш әкімшілік іс қозғалды.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде 38 және 39 жастағы екі әйел Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атына кір келтіретін сөздер айтқан. Олардың бірі өзін "террорист" деп атаған. Артынша екі әйелді де полиция ұстады. 

Тікелей эфир кезінде әйелдердің бірі: "20 жылдан бері террористпін. Бүкіл "КНБ" мені таниды. Өздері қарап отыр бізді, тізімде бірінші тұрмын", – деген.

Полиция департаментінің мәліметінше, әйелдерге қатысты үш әкімшілік іс қозғалған. Оларға ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контент тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім кию деректері бойынша хаттамалар толтырылған.

Әкімшілік істердің материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар әйелдер теологтың профилактикалық әңгімесін тыңдаған. Полиция қызметкерлері оларға заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормаларын түсіндірген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау