Theislamicinformation.com сайтында алдағы 10 жылға арналған Рамазан айының кестесі жарияланды. Бұл – болжамды кесте, өйткені Рамазан айының нақты басталу күні айдың тууына байланысты айқын болады. Дегенмен, өзгеріс 1-2 күннен ауытқымайды.
Кестеге сәйкес, 2030 жылы мұсылмандар қауымы Рамазан айының басталуына екі мәрте куә болады. Бірінші мәртесінде Рамазан айы 5 қаңтарда басталса, келесі Рамазан айы осы жылдың 26 желтоқсанында басталады. Бұл Рамазан айларының келу күндерінің арасында шамамен 11 күндей айырмашылықтың болуымен байланысты.
Еске салайық, ҚМДБ жария еткен діни күндер кестесіне сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпан мен 8 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 наурыз.
Ал Құрбан айт 16-18 мамыр аралығында мерекеленеді.
Айта кетейік, қысқы айға сәйкес келген Рамазан айы соңғы рет 2002 жылы болған. Бұл жылы мұсылмандар 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ораза тұтқан болатын.
ҚМДБ 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 8 ақпаннан басталады
Діни уағыз бен әдепсіз әзіл. Қазақстанда асабалардың қызметін лицензиялау қажет пе