Қазақмыс "Анненск" шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді жөндеуді аяқтады

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Шығыс Жезқазған кенішінің "Анненск" шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді (ӘТК) жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс Қазақмыстың еңбек жағдайын жақсарту сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қабырғалар, төбелер, есіктер мен еден жабындары жаңартылды. Күнделікті пайдаланатын санитарлық-тұрмыстық және жуынатын бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Ішкі кеңістікті безендіруге ерекше назар аударылды. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің қабырғаларына "Алаш" қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің, қазақстандық ағартушылардың, ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың портреттері орналастырылды. Кіреберісте жұмыскерлердің қолымен жасалған мемлекеттік рәміздер стенді орнатылды. Бірінші қабатта кофехана ашылды.

Кешеннің айналасы да көркейтілді. Мұнда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, бұрғылау машинасына арналған ескерткіш орнатылды және субұрқақ салынды.

"Анненск" шахтасының тұрмыстық кешенін жаңарту Қазақмыстың инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болды. Оның негізгі басымдықтарының бірі – жұмыскерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру.

2026 жылы Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге қарастырылған.

Бағдарлама "Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi" өндірістік бірлестігінде 38 нысанды қамтиды. Жөндеу жұмысы Оңтүстік Жезқазған, Батыс Жезқазған кеніштерінде, "Жомарт" кенішінде, Жезқазған байыту фабрикасында және Мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасында жүргізілді.

Бағдарлама жұмыскерлердің еңбек етуі мен демалуын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Жуынатын бөлмелерді тұрмыстық орындарды, тамақтану нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту өндірістік кәсіпорындарда қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау