Қазақстанда тоғыз айдың қорытындысы бойынша 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәлімдеді.
Комитет тоғыз айда жүргізілген тексерулердің нәтижесін жариялаған. Заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдарға қатысты аумақтық департаменттер лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастаған.
Қазіргі уақытта 78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылған.
Комитеттің хабарлауынша, бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Ведомство медициналық көмек көрсету құқығы заңнама талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруге тиіс екенін ескертті.