Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
Қайпанов төрт белдесуде жеңіске жетті.

Алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

24 қазан мен 1 қараша аралығында өткен әлем чемпионатына 135 елден 900-ге жуық спортшы қатысты. Нұрқожа Қайпанов Қазақстан құрамасынан финалға шыққан жалғыз балуан болды. Алғашқы белдесуінде ол Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0 есебімен жеңді. Одан кейін әзірбайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтты. Ал жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалдық белдесуде Нұрқожа Қайпанов ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс медалін иеленді. Бұл – балуанның ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, 2025 жылы қола медаль еншілеген.

Сонымен қатар Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атағын үш рет жеңіп алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау