Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті

Ақын Гүлзада Ниетқалиева. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ақын Гүлзада Ниетқалиева. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол 61 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Гүлзада Ниетқалиева қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі таратты. 

Гүлзада Ниетқалиева 1966 жылы 1 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. Гурьев педагогика институты тарих факультетінің түлегі, филология ғылымдарының кандидаты.

Ол "Ақбота күнді аңсаумен", "Айдың сүттей сәулесі", "Қарлығашы Қиғаштың", "Ардақтым", "Жүректегі жанартау", "Хазар қасидалары", "Аллажар" жыр-жинақтарының, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ақын Есенғали Раушановтың шығармашылығы туралы "Тұма жырдың тұнығы" және жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайында жазылған "Дара", "Жалғыз атты жолаушы" монографиялық кітаптарының авторы.

"Жүректегі иман гүлі" атты дастаны 2017 жылы Ұлыбританияда жарық көрген.

2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аясында Атырау облыстық телерадио компаниясында тележурналист болып қызмет ете жүріп, "Махамбет-200" телехабарлар сериясын жүргізді және "Қарой қасіреті" дастанын жазды.

Гүлзада Ниетқалиева халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау