Прямой эфир Новости спорта
Материалы с тегом #ҰБТ

ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ағымдағы оқу жылында ҚР жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген мектеп түлектері үшін өткізіледі.

Түлектер қорытынды сынақты төмендегіше тапсырады:

1.  Мектептердегі емтихандар (орта білім және “Алтын белгі” алу үшін).

2.  ҰБТ, ЖОО түсу үшін емтихандар функцияларын және мемлекеттік гранттарды тарату жүйелерін орындайтын болады.

ҰБТ өткізу тәртібі

ҰБТ тапсыруға жалпы білім беретін мектептердің барлық түлектері жіберіледі.

ҰБТ форматы 20 тапсырмадан тұратын 2 міндетті пәнді қамтитын 2 блоктан тұрады:

математикалық сауаттылық

оқу сауаттылығы (жалпылау, салыстыруды тексеру).

ҰБТ тарихы

Қазақстанда тестілеу жүйесі 1992 жылы енгізілді. Мектеп бітірушілердің жоғары оқу орнына түсудегі білім деңгейін айқындау үшін Республикалық тестілеу орталығы құрылды.

1995 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары студенттерінің білім сапасын ағымдағы және аралық бақылауда тестілеу жүйесін кеңінен қолда­на бастады.

1999 жылы орталықтанған кешенді тестілеудің енгізілуі талапкерлердің білім сапасын бағалаудың әділ болуына және мемлекеттік білім гранттары мен кредиттерді білімге сәйкес бөлуге жол ашты.

2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді. ҰБТ – жалпы білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі жоғары білім ұйымдарына қа­былдау емтихандарын біріктірді.