Белгілі қазақстандық эколог, көгалдандырушы Гөзел Құлжабаева Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына 200 мың түп қызғалдақ пиязшығын тегін тарататынын хабарлады.
Маманның айтуынша, биыл күзгі ауа райының жайлы болуына байланысты қызғалдақты қарашаның ортасына дейін егіп үлгеруге әбден болады. Сондықтан, қызғалдақ пиязшығын тегін тарату акциясы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Пиязшық аламын дегендер Алматы облысында орналасқан Eco Resort Gulstan бағына барып, өзі алып кетуі тиіс. Оларға баққа кіру тегін және пиязшықтар да тегін беріледі.
"Біздің мақсатымыз – табиғаттағы жабайы, Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды қорғау! Оларды даладан жұлғанша, әрбір отбасы өз ауласына егіп, айналасын көркейтсе, еліміз нағыз гүлденген мекенге айналар еді", – деді Гөзел Құлжабаева.
Еске салайық, Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақ түрлерін жұлуға қатаң тыйым салынған және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері 3 000 айлық есептік көрсеткішке тең.
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған қызға 11 миллион теңге айыппұл салынды
Шаңырақ, домбыра, қызғалдақ. Қазақстанда жалпыұлттық нышандардың тізімі жасалды