Әлем халқының 24 пайызында интернет пайдалануға мүмкіндік жоқ

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
ТМД елдерінде интернетке қолжетімділік әлемдік көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

2026 жылы әлемде 6,3 млрд адам немесе жер шары халқының 76 пайызы интернетті пайдаланады. Бұл туралы Халықаралық электр байланысы одағы мәлімдеді.

2025 жылы интернет қолданушылар саны 6,1 млрд адамға немесе халықтың 74 пайызына тең болған. ТМД елдерінде интернетті пайдаланушылар үлесі бір жылда 91 пайыздан 93 пайызға өскен. Соған қарамастан, әлемде әлі де 2 млрд адам интернетке қосылмаған.

ХЭО дерегінше, табысы жоғары елдерде халықтың 93 пайызы интернет пайдаланса, табысы төмен мемлекеттерде бұл көрсеткіш небәрі 32 пайызды құрайды.

ХЭО зерттеуіндегі негізгі деректер:

  • Гендерлік айырмашылық: әлемде ерлердің 79 пайызы, әйелдердің 74 пайызы интернет пайдаланады. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш тиісінше 93 және 92 пайыз.
  • Жас ерекшелігі: 15-24 жас аралығындағы жастардың 86 пайызы интернетке қосылған. Қалған халық арасында бұл көрсеткіш 74 пайыз. ТМД елдерінде жастардың 97 пайызы, басқа жастағы тұрғындардың 92 пайызы интернет пайдаланады.
  • Қала мен ауыл: әлемде қала тұрғындарының 82 пайызы, ауыл халқының 63 пайызы интернетке қол жеткізген. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 94 және 89 пайыз.
  • Ұялы телефон: әлемде 10 жастан асқан адамдардың 84 пайызы ұялы телефон иеленеді.
  • Мобильді желі: әлем халқының 97 пайызы кемінде 3G желісімен қамтылған. Ал 5G желісі халықтың 59 пайызына қолжетімді. Табысы жоғары елдерде бұл көрсеткіш 86 пайыз болса, табысы төмен мемлекеттерде небәрі 4 пайыз. ТМД елдерінде халықтың 87 пайызы 4G, 10 пайызы 5G желісін пайдаланады.
  • Интернет трафигі: табысы жоғары елдерде мобильді интернетті пайдалану көлемі бір абонентке айына орта есеппен 20 ГБ болса, табысы төмен елдерде 3,4 ГБ.
  • Қолжетімділік құны: ТМД елдерінде мобильді және тіркелген кеңжолақты интернет қызметтерінің құны жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 0,9 пайызына тең.

2026 жылы теңізге шыға алмайтын дамушы елдер мен шағын аралдық мемлекеттер алғаш рет мобильді кеңжолақты интернет құны бойынша халықаралық қолжетімділік межесіне жетті. Бұл елдерде қызмет құны жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 2 пайызын құрады.

Алайда даму деңгейі төмен елдерде бұл көрсеткіш әлі де 6,1 пайыз деңгейінде. Жалпы, әлем елдерінің 30 пайызы тіркелген және мобильді кеңжолақты интернеттің қолжетімділігі бойынша белгіленген межеге жете алмаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау