Еуропада ұшақта жарылыс қаупі бары туралы хабарламалар тыйылмай тұр

Еуропада бірқатар әуе рейсінде бомба қойылғаны туралы ақпарат тағы да тарады. Фото: Depositphotos.com
Еуропада бірқатар әуе рейсінде бомба қойылғаны туралы ақпарат тағы да тарады. Фото: Depositphotos.com
Еуропа аспанында күн сайын орта есеппен 30 мыңнан астам әуе рейсі орындалады.

Еуропаның бірқатар әуе компаниясы жарылыс қаупі туралы хабарламалардың жаңа толқынына тап болды, деп хабарлады Bloomberg. 

Олардың қатарында Wizz Air сияқты бюджеттік әуе тасымалдаушысы да, Финляндияның ұлттық әуе компаниясы Finnair де бар. Соның салдарынан аймақтағы әуе қатынасында үлкен іркілістер орын алды.

Қауіпті хабарламаларға байланысты бағытынан ауытқыған рейстердің қатарында Дублиннен Римге бағыт алған Aer Lingus әуе компаниясының EI402 рейсі де бар. Ұшақ Францияның солтүстігіндегі әскери аэродромға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ал Finnair компаниясы Хельсинкиден Рим мен Венаға бағыт алған екі рейсіне де осындай қауіп туралы хабарламалар түскенін мәлімдеді. Кейін олардың жалған екені анықталды.

Қауіп туралы хабарламаларға тап болған басқа әуе тасымалдаушыларының қатарында Польшаның LOT әуе компаниясы мен осы аптаның басында да бірнеше рет осындай хабарлама алған Wizz Air бар. Чехия полициясы Прагаға бағыт алған төрт ұшаққа қатысты жарылыс қаупі туралы хабарламалар түскенін мәлімдеді. 

Осы аптада тіркелген қауіп туралы хабарламалар арасында белгілі бір заңдылық байқалмайды. Атап айтқанда, олардың қай әуе компанияларына немесе қандай бағыттарға қатысты екені жөнінде ортақ сипат жоқ. Еуропа аспанында күн сайын орта есеппен 30 мыңнан астам рейс орындалады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау