Алматыда Абай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда Абай облысының өнімдері 20 пайызға дейін арзан сатылады.

7–8 қарашада Алматыда Абай облысының фермерлері мен тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары 20-ға жуық түрлі азық-түлік өнімін нарықтағы орташа бағадан 8–20 пайызға арзан сатып ала алады.

Жәрмеңке Шевченко көшесінің Пушкин және Қонаев көшелерінің арасындағы бөлігінде өтеді. Сауда орындарына Абай облысының өндірушілері жалпы көлемі 100 тоннадан асатын азық-түлік жеткізеді. Сатылымға сиыр, жылқы және қой еті, өсімдік майы, сүт өнімдері, қымыз, бал, құрт, бауырсақ, кондитерлік өнімдер және басқа да тауарлар қойылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық өнім делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатылады. Бұл тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағамен алуға, ал фермерлерге өз өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңке Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның өзге өңірлерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді дамыту жұмыстары аясында өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау