Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

Фото: Түймегүл Темірбаеваның жеке мұрағатынан алынған
Фото: Түймегүл Темірбаеваның жеке мұрағатынан алынған
Ол Жаңаарқа ауданында 90 жылдан астам уақыт өмір сүрген.

Қазақстандағы ең ұзақ жасаған тұрғындардың бірі Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден өтті. Оның қайтыс болғанын Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігі мәлімдеді. 

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, кейін жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Ол осы өңірде 90 жылдан астам уақыт өмір сүрді.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірген. Түймегүл Темірбаева 15 немере, 25 шөбере сүйген. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында қайтыс болған.

Ұлытау облысының әкімдігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Әкімдік өкілдері Түймегүл Темірбаеваның ғұмыр жолы бір ғасырлық тарихпен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Сондай-ақ оның ұрпағына өнеге болғанын, елдегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамай, қоғамдағы жаңалықтарды үнемі қадағалап отырғанын еске алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жасы 100-ден асқан 423 адам тұратыны хабарланған еді. Сол кезде ең ұзақ жасаған тұрғын Ұлытау облысында тұратыны айтылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау