Ұшақтағы ақау: Air Astana-ның Санья – Астана рейсі 27 сағатқа кешікті

Air Astana ұшағы 27 сағатқа кешікті. Фото: Depositphotos.com
Air Astana ұшағы 27 сағатқа кешікті. Фото: Depositphotos.com
Ұшақ бүгін 14.45-те Астанаға қонады деп жоспарланып отыр.

Air Astana әуе компаниясының 4 қарашаға жоспарланған Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі техникалық ақауларға байланысты 27 сағатқа кешікті. 

Ұшақ тек бүгін, 5 қарашада 10.07-де ұшқан. Ол Астанаға 14.45-те қонады деп жоспарланып отыр. 

Әуе компаниясының түсіндіруінше, ұшақтың жасыл гидравликалық жүйесіндегі қысым қалыпты мөлшерден төмен болған. Сол себепті жедел жөндеу жұмыстары қолға алынып, ақауы бар бөлшек ауыстырылған. Жалпы кешігу уақыты 27 сағатты құрады. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде аталған рейстің кешігуіне байланысты наразы пікірлер жарияланған болатын. 

Смотреть в Threads

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау