Алматыда азық-түлік бағасына қатысты 2003 заңбұзушылық анықталды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Сауда орындарында тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Алматыда жыл басынан бері сауда саласында 2003 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру деректері де бар. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Азық-түлік бағасының қалыптасу тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия тұрақты түрде отырыс өткізеді. Комиссия ірі сауда орындарында, сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарлар мен үй маңындағы дүкендерде заң талаптарының сақталуын тексеріп, бағаға талдау жүргізеді, – делінген хабарламада. 

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру және сауда қызметін реттеу саласындағы өзге де заң талаптарын бұзу деректері бойынша кәсіпкерлерге қатысты 2003 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың жалпы сомасы 82 млн теңгеден асады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Қала әкімдігі қабылданып жатқан шаралар азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын сақтауға және сауда саласындағы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау