Қазақстан Қарулы күштері тағы бір Airbus A400M әскери-көлік ұшағымен толықты

Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты
Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты
Ол қорғаныс саласынан бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жою, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында да қолданылмақ.

Испаниядан Алматы қаласына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне екінші ауыр әскери-көлік Airbus A400M Atlas ұшағы жеткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

A400M ұшақтары қорғаныс міндеттерін орындаумен қатар, төтенше жағдайлардың салдарын жою, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.

"Әскери-көлік авиациясын қолданудың тағы бір маңызды бағыты қазақстандық әскери қызметшілердің халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысуын қамтамасыз ету болмақ. Мұндай санаттағы ұшақтардың болуы ұлттық бітімгерлік контингентті өз күшімен тасымалдау мүмкіндігін кеңейтеді. Жаңа авиациялық техниканы пайдалануға қазақстандық экипаждар мен инженерлік-техникалық персонал дайындалды. Олар Испанияның Севилья қаласындағы Airbus оқу орталығында теориялық және практикалық даярлықтан өтіп, әуе кемелерін басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін меңгерді", – делінген ресми хабарламада.  

Airbus A400M әскери-көлік ұшағы Қазақстан, Түркия, Германия, Малайзия, Индонезия, Франция, Ұлыбритания, Испания, Бельгия және Люксембургпен қоса, он елдің қарулы күштерінде қолданылады. Бұл ұшақ ауыр әскери техниканы алыс қашықтыққа тасымалдаумен қатар, қысқа әрі арнайы жабын төселмеген ұшу-қону жолақтарына да қонуға мүмкіндік береді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау