Тоқаев Astana AI Film фестиваліне қолдау көрсеткен кәсіпкерге алғыс айтты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстанда технологиялық білім беретін Network School жобасы дамиды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесті. Кездесуде Қазақстандағы технологиялық экожүйені дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанда технологиялық көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасады

Мемлекет басшысы Network School жобасының еліміздегі технологиялық экожүйені дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Ақорда мәліметінше, президент Қазақстанда технологияны терең меңгерген жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу үшін білім, ғылым және цифрлық құзыреттерді дамытуға басымдық беріліп жатқанын айтты. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасының маңызын атап өтті. Жоба аясында мектептер, университеттер мен медициналық мекемелерді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған. Президенттің айтуынша, бұл бастама келешек ұрпаққа маңызды мұра қалдыруға мүмкіндік береді.

Network School Kazakhstan желісі іске қосылады

Кездесу барысында мемлекет басшысы Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын құптады. Сондай-ақ жобаның Қазақстан университеттерімен, стартаптарымен және технологиялық компанияларымен серіктестікті кеңейту жоспарына қолдау білдірді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Баладжи Шринивасанға Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Network School негізін қалаушы Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салалары қатар дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Network School Kazakhstan жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Жоба цифрлық шешімдерді дамытуға, адам капиталын жетілдіруге және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау