USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Зейнеткерді итеріп жіберген Амантай қажы жазадан құтылып кетті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Зейнеткер әйелдің қандай сомада өтемақы алғаны белгісіз.

Алмалы аудандық сотында Амантай қажының ісі қаралып, белсенді ақталып шықты, деп хабарлайды КТК.

Өз сөзінде Амантай қажы еш кінәсі жоқ екенін, ешкімді итермегенін алға тартты.

"Зардап шекті деген адам Амантай Асылбекке ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Арызда ол моральдық және материалдық шығынды өтегенін, сонымен қатар денсаулығына байланысты отырысқа қатыса алмайтынын атап өтті", – деді судья. 

Кейін судья Ернар Қасымбеков кеңесу бөлмесіне кіріп, тараптардың татуласуына және материалдық және моральдық шығынды өтеуге байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, Амантай қажы осы жылдың шілде айында бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберген болатын. Әйелдің жамбасы сынып, оған төрт сағат бойы ота жасалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау