Қазақстанда сталкинг қылмыстық жауапкершілікке енгізілді.
Ішкі істер министрлігі 16 қыркүйектен бастап сталкинг үшін қылмыстық жаза қолданылатынын хабарлады, деп жазады Polisia.kz.
Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық болмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян тигізетін әрекеттер сталкинг деп танылады. Оған:
- адамның жеке шекарасын бұзу;
- еркінен тыс ізіне түсу;
- қайта-қайта қоңырау шалу;
- интернет арқылы бақылап, қорқыныш немесе алаңдаушылық туғызу жатады.
Мұндай әрекеттер үшін:
- 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге);
- 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
- 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу" енгізіліп, ол да қылмыстық құқықбұзушылық ретінде белгіленді.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.97