Шымкенттегі жанармай дауы: ұлттық компания ресми мәлімдеме жасады

Фото: kmg.kz
Фото: kmg.kz
"ҚазМұнайГаз" Шымкент МӨЗ-дегі ұрлық туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласында мұнай өнімдерін заңсыз шығару және сату схемасын анықтап, оның жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

7 қаңтар күні Шымкент қалалық полиция департаменті жүргізген жедел іс-шаралар барысында жанар-жағармай материалдарын заңсыз айналымға шығарған адамдар тобы ұсталды. Тергеу дерегінше, қылмыстық схемаға мұнай өңдеу саласымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар қала тұрғындарымен сөз байласқан.

Ұрланған отын қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базада сақталып, кейін сатылған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлеңкелі айналым көлемі 1 млрд теңгеден асады. Тінту кезінде ірі көлемде ақша қаражаты, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау жабдықтары, бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді. 

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Ішкі істер министрлігінің Шымкент мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз жөнелту туралы ақпаратына қатысты ресми түсініктеме берді.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ұрлық фактісі Шымкент мұнай өңдеу зауытында емес, "Шымкент Мұнай Өнімдері" АҚ атты жеке компанияда болған.

"Шымкент МӨЗ ("ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС) аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасының жолын кесу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесінде.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары