Қазақстандықтарға әкімшілік іс қозғалғаны туралы жалған хабарлама тарап жатыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Күмәнді хабарлама алған жағдайда – сот кеңсесінен нақтылап сұрауға болады.

Жоғарғы сот соңғы уақытта мессенджерлер арқылы сот органдарының атынан азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалғаны туралы жалған хабарламалар тарап жатқанын хабарлап, сақ болуға шақырды. 

"Мұндай хабарламаларда іс материалдарымен танысу үшін белгісіз сайтқа өту ұсынылады. "Көрсетілген сайттар мен хабарламалардың Қазақстан Республикасының сот органдарына ешқандай қатысы жоқ. Күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз, ақпарат көзіне мұқият қарап, қажет болған жағдайда ондай хабарламаларды бұғаттаңыз. Күмәнді хабарлама алған жағдайда – сот кеңсесінен нақтылап сұрауға кеңес береміз", – делінген ресми хабарламада. 

Жоғарғы сот мәліметінше, сот жүйесі, соның ішінде Астана қаласының соттары азаматтармен және заңды тұлғалармен тек ресми байланыс арналары арқылы ғана өзара хабар таратады:

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз