Енді алаяқтар қоңырау шалғанда қазақстандықтарға дыбыстық хабарлама жіберіледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жаңа жоба шілде айынан бастап ел аумағында жүзеге асады.

Елімізде енді алаяқтар қоңырау шалғанда отандастырымызға дыбыстық хабарлама жіберіледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. 

Демек, ұялы байланыс операторлары күмәнді қоңыраулар түскенде ескерту жасайды. Жаңа жоба шілде айынан бастап ел аумағында жүзеге асады. 

Қазақстандықтарға "алаяқтар қоңырау шалып жатыр" деген дыбыстық хабарлама жіберіледі. Ал алғашқы секундтарда телефон соғып жатқан адам ешкімнің дауысын ести алмайды. Таныс емес нөмірлерден қоңырау келіп жатқанда міндетті түрде осындай хабарламалар іске қосылады. 

Бірақ құқық қорғау органдарды алаяқтардан сақтану үшін күмәнді нөмірлер хабарласқанда телефон тұтқасын көтермеуге кеңес береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары